«Елімай» Қазақстан OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 11 туры аясында өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

Нағыз драмаға айналған кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

«Елімай» сапында голдарды Никита Корзун мен Дэвид Майком соқты. Ал «қызыл-ақтар» құрамында қанжығаларын Жан Жайро мен Максим Самородов майлады.