NAIZA лигасының чемпионы Сайхан Джемухаев Павлодарда өтетін турнирде чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғауы тиіс еді. Алайда оның қарсыласы жекпе-жектен бас тартты, деп хабарлайды Sport+.

Мироншо Джафаров жарақатына байланысты кездесуге қатыса алмайтын болды. Қазіргі уақытта лига чемпионға жаңа қарсылас іздестіріп жатыр.

Турнир 1 қарашада өтеді. Жарыстың тікелей трансляциясы Sport+ Qazaqstan телеарнасында көрсетіледі.