Қазақстандық таеквондошы Нодира Ахмедова Қытайдың Чанша қаласында өткен China Open халықаралық турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетті.

Нодира финалға шығу үшін өткен бәсекеде қытайлық Цзюй Цзоға жол берді. 

Осылайша қазақстандық таеквондошы жарысты қола жүлдемен аяқтады.