Норвегиялық төрешілер тобы УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Дифферданж» (Люксембург) мен «Ордабасы» арасындағы алғашқы матчты басқарады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бас төреші: Мохаммад Аслам;

Көмекші төрешілер: Йорген Вальстадстве, Альф Олав Россланн;

Төртінші төреші: Сигурд Крингстад (барлығы Норвегиядан).

Еске сала кетейік, УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Дифферданж» (Люксембург) мен «Ордабасы» арасындағы алғашқы матч 23 шілдеде сағат 22:00-де өтеді.