Халықаралық спортты зерттеу орталығы (CIES) Ресейдегі трансфер құны қымбат футболшылардың рейтингін жасады, деп хабарлайды Sport +.

ТОП-20 қатарына Қазақстан ұлттық құрамасы Санкт-Петербургтің «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп те енді. 

Нұралы 14-орынға жайғасқан. Оның трансферлік құны 10,4 миллион еуроға бағаланып отыр. 

«Зенит» әлемдегі ТОП-100 клубтың ішінде 55-ші орынға жайғасқан. Санкт-Петербург клубының құны 237 миллион еуроға бағаланған.