Olimpbet QFL Қазақстан Кубогының алдын ала кезеңінің топтары анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жарысқа барлығы 32 отандық клуб қатысады. Алдын ала кезеңде Бірінші және Екінші лигалардың 19 өкілі қатысып, 6 топқа бөлінеді. Топтың жеңімпаздары бір матчта көрші топтардың (А-В, С-D, Е-F) жеңімпаздарымен келесі раундқа өтуге мүмкіндік беретін 3 жолдама үшін таласады.

11-19 наурыз аралығында алдын-ала кезеңнің бірінші раундтық матчтары өтеді, ал 21-23 наурыз аралығында плей-офф матчтары өтеді.

Алдын ала кезең ойындары Шымкенттегі БИІК стадионында өтеді.

 

А тобы

«Оқжетпес»

«Хан-Тәңірі

«Ертіс»

AKAS

В тобы

«Ақжайық»

«Оңтүстік»

«Алтай»

С тобы

«Тараз»

«Түркістан»

«Екібастұз»

D тобы

«Каспий»

«Жас Қыран»

«Арыс»

Е тобы

«Мақтаарал»

SD Family

«Ұлытау»

F тобы

«Ақсу»

«Қыран»

«Жетісай»