Қазақстандық маман Олжас Абраев УЕФА Чемпиондар лигасының «Пюник» (Армения) пен «Динамо» (Минск, Беларусь) арасындағы іріктеу матчына делегат ретінде тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Аталмыш матч 16-шілдеде Ереванда Республикалық стадионда өтеді.
Бұл матчқа төрешілер бригадасы Израильден тағайындалған, бас төреші — Снир Леви. Матч инспекторы - Мариан Рузбарский (Словакия)
Командалар арасындағы алғашқы матч 0:0 есебімен аяқталды.
