Қытайда Open FC және YFU ұйымдарының бірлескен турнирі өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде тәжікстандық Бахром Хакимов пен қытайлық Кинже Жан өзара күш сынасады.

Турнирдің жекпе-жектер тізіміне қазақстандық Олжас Бакировтың кездесуі де енгізілді.

Олжас кәсіпқой мансабында бес жекпе-жек өткізген. Оның үшеуі NAIZA лигасында, ал қалған екеуі Steppe Warriors ұйымында өткен.

Қазақстандық файтердің қарсыласы сегіз жекпе-жек өткізіп үлгерген тәжірибелі қытайлық спортшы Дин Хуэйбо болмақ. Ол осы уақытқа дейінгі барлық кездесуін WLF лигасында өткізген.

Турнир 24 қазанда өтеді. Басталуы — сағат 18:00–де.

Жарысты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.