14 наурызда Қытайда Каратэ Premier League турнирінің екінші кезеңі басталады, бұл жарыс әлемдік рейтингтегі ең мықты спортшыларды жинайды.

Қазақстан атынан сайысқа он үш спортшы қатысады:

Қыздар:

Мөлдір Жаңбырбай (50 келі дейін)
Гүлмира Өсенова (55 келі)
Николь Ценгель, Әсел Қанай, Айжан Бақырова (барлығы — 61 келі дейін)
София Берульцева (68+ келі)

Ерлер:

Дархан Тімраліев (60 келі дейін)
Олжас Алтынбек, Әмірәлі Дидар, Қайсар Алпысбай (67 келі дейін)
Нұрқанат Әжіқанов (75 келі дейін)
Данияр Юлдашев (84 келі дейін)
Диас Анарбеков (84+ келі)

3-орын үшін жекпе-жектер мен финалдық кездесулерді 16 наурыз күні тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.