Оңтүстік Корея құрамасы Аустралиямен болған қызықты ойында жеңіске жетіп, Азия Кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Корея құрамасы бірінші таймда өз қақпаларына гол жіберіп алды – қарсылас сапында Грейг Гудвин нәтижелі соққымен ерекшеленді. Юрген Клинсманның шәкірттері кездесудің негізгі уақытынна қосылған минуттерда ғана есепті теңестерді - Хван Хи-Чан пенальтиден есепті теңестірді.
Овертаймда Сон бастаған құрама қарсыласына мүмкіндік бермеді. «Тоттенхэмнің» жартылай қорғаушысы айып добынан әдемі соққы жасап, матчтың қорытынды нәтижесін белгіледі. Есеп 1:2.
Жартылай финалда Оңтүстік Корея Иордания құрамасымен кездеседі.
