«Оңтүстік» Қазақстан Кубогының негізгі кезеңіне шықты, онда КПЛ клубтары трофей үшін таласпақ, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Шымкенттік клуб павлодарлық «Ертісті» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды Жавланбек Бабаназаров соқты.

1/8 финалда шымкенттіктер КПЛ өкілі «Қызылжармен» күш сынасады.