«Оқжетпес» 23 жастар қорғаушы Жалғас Жақсылықпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Тараз футбол мектебінің түлегі Жалғас Жақсылық өзінің кәсіби футбол мансабын «Оңтүстік Академиясында» бастады. Сондай-ақ «Тараз», «Мақтаарал» және «Тұран» үшін өнер көрсетті.
Қазақстан жастар құрамасы құрамында алты матч өткізді.
