Қазақстандық Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатындағы матчта БАТЭ сапында нәтижелі әрекетпен көзге түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алайда бұл гол борисовтықтарға «Торпедо БелАЗға» қарсы ойында ұпай жинауға жеткіліксіз болды. Матч 2:1 есебімен Жодино командасының пайдасына аяқталды.

Өміртаев ойынды қосалқы құрамда бастап, 67-минутта алаңға шықты, ал 82-минутта гол соқты.

Айта кету керек, Оралхан Қазақстан құрамасының Норвегия және Словениямен өтетін матчтарына арналған кеңейтілген тізімге енді.