Беларусиялық «Слуцк» клубы 25 жастағы қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаевтың командадан кеткенін хабарлады, деп жазады Sport Plus Qazaqstan.

Шабуылшы клубтан екі жақты келісім бойынша кетті. «Слуцк» құрамында футболшы 13 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.