«Ордабасы» УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өте алмады. Шымкенттік команда грузиялық «Торпедо» клубына жол берді, деп хабарлайды Sport+.

Өз алаңында тіркеоген 1:1 есебі қос ойын қорытындысы бойынша кезеңнен өтуге жеткіліксіз болды, себебі алғашқы матчта шымкенттіктер 4:3 есебімен жеңілген еді.

Кеше өткен матчтағы жалғыз голдың авторы – Абылайхан Жұмабек.