Шымкенттік «Ордабасы» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің бірінші матчында люксембургтік «Дифферданж» клубына есе жіберді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойынның тағдырын бір ғана гол шешті — 37-минутта «Дифферданждың» португалдық шабуылшысы Жоржиньо алыс қашықтықтан соққы жасап, доп шымкенттіктердің қақпасында табылды.

Қарымта ойын 1 тамызда Шымкентте өтеді.