«Ордабасы» бас бапкері Кирилл Кекер «Атырауға» қарсы матчқа қақпашы Бекхан Шайзада мен жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның неге құрамға кірмегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Шайзада құрамда жоқ болды, оның температурасы көтерілді. Бауыржанда да солай, біз олардың денсаулығын тәуекелге тікпеуді ұйғардық».
Айта кетейік, «Ордабасы» Асхат Тағыбергеннің голының арқасында 1:0 есебімен «Атыраудан» басым түсті.
