«Хайдуктың» (Хорватия) қақпашысы Карло Сентич «Ордабасыға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Шымкенттік клуб «Хайдукқа» трансфер үшін 450 000 еуро көлемінде өтемақы төлейді.
Карло Сентич – «Хайдуктың» түлегі. Өз мансабында ол хорватиялық «Вараздин» және венгриялық «Диошдьор» командаларында жалға беріліп, өнер көрсетті.
