Патрик Коларич бастаған Хорватия төрешілер тобы УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу раунды аясындағы «Ордабасы» – «Петрокуб» (Молдова) матчында төрелік етеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Рефери: Патрик Коларич;

Рефери көмекшілері: Лука Пайич, Иван Старчевич;

Төртінші рефери: Дарио Бель (барлығы – Хорватия).

Естеріңізге сала кетсек, «Ордабасы» және «Петрокуб» арасындағы матч 10 шілде 20:00де өтеді. Командалар Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов стадионында кездеседі.