Шотландиялық төрешілер бригадасы Дональд Робертсонның басшылығымен УЕФА Конференциялар Лигасының жалпы кезеңінің үшінші турында өтетін «Пафос» (Кипр) – «Астана» матчына төрелік етеді, деп хабарлайды Sport+.

Төреші: Дональд Робертсон

Ассистенттер: Дэвид Рум, Росс Маклеод

Бейнеқолдау төрешісі (VAR): Стивен Маклин

Бейнеқолдау көмекшісі: Алан Муйр

Төртінші төреші: Грант Ирвайн (барлығы Шотландиядан)

Конференциялар Лигасының жалпы кезеңінің үшінші турындағы «Пафос» – «Астана» кездесуі бүгін, Қазақстан уақыты бойынша 22:45-те Лимасолдағы «Апполон Арена» стадионында өтеді.

Айта кетейік, осы төрешілер бригадасы бұған дейін УЕФА Ұлттар Лигасының үшінші турындағы Австрия мен Қазақстан арасындағы (4:0) матчта қызмет атқарған.