Қазақстандық Дмитрий Попко Флоридада өтіп жатқан M15 Palm Coast турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жартылай финалда Попко румын Габи Бойтанды екі сетте 6:2, 6:0 есебімен жеңді.

Финалда қазақстандық Андраде (Эквадор) – Рыбаков (АҚШ) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Бұл финал Дмитрий үшін Флоридадағы ITF сериясындағы турнирлерде бір апта ішінде қатарынан екінші болады.