Нидерланд чемпионатының көшбасшысы әрі қазіргі чемпионы ПСВ Эредивизиде жеңісті сериясын жалғастырып, қатарынан тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл жолы ПСВ-ның қарқынына АЗ Алкмаар төтеп бере алмады. Матч 2:1 есебімен аяқталды.
Жеңіске жеткен командадан голдарды Люк Де Йонг пен Ноа Ланг соқты, ал АЗ сапынан Денсо Касиус көзге түсті.
