ПСЖ Франция кубогының жартылай финалында Лига 2 өкілі «Дюнкергпен» кездесті, деп хабарлайды Sport+.  

27-минутта париждіктер екінші лига өкілінен 2:0 есебімен ұтылып жатқанымен, ойынның барысын өзгертіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті.  

ПСЖ құрамында Усман Дембеле (дубль), Маркиньос және Десир Дуэ гол соқты.