Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өз алаңында «Селтикті» жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында қаһарман атанған Темірлан Анарбеков шотландиялықтардың 5 соққысының үшеуін қайтарды.

Нәтижесінде алматылықтар Еуропаның басты клубтық турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.