Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов өз қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Маман 2020 жылдың қараша айынан бастап U-21 Қазақстан құрамасымен жұмыс істеді.

Нұрдәулетовпен бірге маманның барлық көмекшілері Нұрбол Жұмасқалиев, Асқар Ыдырысов және қақпашылар бапкері Юрий Новиков ҚФФ келісімшарттарын тоқтатты.

2023 жылдың желтоқсан айының соңында Нұрдәулетов талдықорғандық «Жетісу» командасының тізгінін ұстады.

 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)