Алматының «Қайраты» «Ақтөбеге» есе жіберген соң, Чемпионат көшбасшысы «Ордабасыдан» 4 ұпайға жол беруде, енді чемпионаттың аяқталуына 4 тур қалғанда өз алаңында ұпай жоғалтпауы тиіс.

«Қайрат» бұған дейін Алматыдағы Орталық стадионда «Тұранмен» ойнаған еді, Қазақстан Кубогы аясындағы бұл матчта алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті.

 Алматылықтардың бір мәселесі – дайындық кезінде ойыншылардың болмауы. Өйткені көбісі жастар құрамасына шақыртылған. Оған қоса Ульшин ұлттық құрамаға қосылған. Громыко Беларусь құрамасына да барып келген.

«Тұран» болса Ренат Алюетовпен бірге толық құрамда маусым бойы «Қайратпен» кездесуге толыққанды дайындыққа мүмкіндік болды.

Қос команданы да қазақстандық мамандар басқарады – Алюетов «Тұранда» және Рафаель Уразбахтин «Қайратта».

Аталмыш матч 16:00де басталады. Тікелей эфирді Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан және Sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.