«Қайраттың» бұрыңғы шабуылшысы Вагнер Лав бразилиялық «Аваи» клубына ауысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
40 жастағы форвард соңғы рет «Атлетико Гойяненсе» клубында ойнады, онда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Вагнер Лав «Қайрат» сапында 2020 және 2021 жылдары ойнап, 35 матчта 14 гол соқты, Қазақстан чемпионатын және кубогын жеңіп алды.
