23 жастағы шабуылшы Джуниор Камени қызылордалық «Қайсар» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Камени соңғы ойнаған клубы марокколық «ФЮС» Рабат командасы болды, ол үшін 42 матч өткізіп, 9 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Сонымен қатар, шабуылшы Камерунның Олимпиадалық құрамасына шақырылған, бірақ әлі дебют жасамаған.

Айта кету керек, Transfermarkt мәліметі бойынша, қызылордалық клуб ойыншы үшін 40 мың еуро төлеген.