25 қаңтар күні қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында қос матч өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

Бұл жолы қарсыластар - венгриялық «Кишварда» және словениялық «Мура».

2022 жылы «Кишварда» командасы УЕФА конференция Лигасының аясында алматылық «Қайраттың» қарсыласы атанған еді. Қос матч нәтижесінде венгриялық клуб 2:0 есебімен алға шыққан.