Қарағанды қаласындағы «Saryarka» үстел теннисі орталығында жүлде қоры 10 млн теңгені құрайтын Қазақстанның ашық командалық чемпионаты (Суперлига) аяқталды.
2025 жылғы маусымның төрт турының қорытындысы бойынша турнир кестесі төмендегідей қалыптасты:
1 — «Қарағанды-1»
2 — УГМК (Свердлов облысы, Ресей)
3 — «Altay Pro» (Өскемен)
Суперлиганың үздік жаттықтырушысы болып Алексей Хорьков («Қарағанды-1»), ал үздік ойыншы аталымын Алексей Жуков («Altay Pro») иеленді.
Ел чемпионатының жабылу салтанатты рәсімінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Қарағанды-1» командасының теннисшілеріне медальдар, ақшалай сертификат және чемпиондар кубогын табыстады.
