Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Euro Business Cup шағын футбол турнирінде 28 команда қатысуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

Қазақстандық «Қазақмыс» командасы ширек финалда молдавиялық MAIB командасын пенальти сериясында 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.

Финалға шығу үшін «Қазақмыс» Әзірбайжанның Azersun клубымен кездеседі. Ойынды тікелей эфирде sportplustv.kz сайтынан көруге болады.