Қазақстан әйелдер құрамасы байдарка мен каноэде есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті,  деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама төрттік-байдаркамен 500 метрге ескек есуден А финалында бақ сынады.

Нәтижесінде жерлестеріміз қашықтықты 1 минут 37.005 секундта бағындырып, қола жүлдеге ие болды.

Бірінші орынды Қытай құрамасы жеңіп алды — 1:33.784. Күміс медаль Өзбекстанға бұйырды — 1:36.561.

Айта кетейік, ұлттық құрама сапында Ольга Шмелева, Стэлла Суханова, Татьяна Токарницкая, Эвелина Костенко өнер көрсетті.