26 қарашада гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлем біріншілігі Германия мен Нидерландта өтеді.

Қазақстанның әйелдер құрамасы алдын ала кезең ойындарын Германияның Трир қаласында өткізеді.

Біздің құрама H тобына түсті. Бұл топтағы қарсыластары: Ангола, Норвегия және Оңтүстік Корея болмақ.

27 қарашада қазақстандықтар Ангола құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, өткен әлем чемпионатында Франция жеңімпаз атанған еді. Норвегия екінші орын алып, Дания қола жүлдеге ие болған.