Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында төртінші орын алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыста жүлдегерлер алты команда қатысқан айналмалы жүйенің қорытындысы бойынша анықталды.

Соңғы кездесуде Қазақстан Өзбекстан құрамасымен ойнады. Негізгі уақыт 8:8 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында өзбекстандықтар мықтылық танытып, жалпы есепте 14:13 есебімен жеңіске жетті.

Осы кездесуден кейін Қазақстан құрамасының қола медаль алуға мүмкіндігі сақталды. Қорытындыдағы орындардың бөлінуі Таиланд пен Сингапур арасындағы матчтың нәтижесіне байланысты болды. Таиланд 12:9 есебімен жеңіске жетіп, үшінші орынға көтерілді. Қазақстан төртінші орынға жайғасты.

Азия ойындарының жеңімпазы Қытай құрамасы атанды. Қытай құрамасы соңғы кездесуде Жапонияны 19:18 есебімен жеңді. Жапония күміс, Таиланд қола медаль иеленді.

Қазақстан құрамасы жарыс барысында Сингапурды 12:7 есебімен жеңді. Таиландпен болған кездесуде негізгі уақыт тең аяқталып, пенальти сериясында басым түсті. Ал Жапония, Қытай және Өзбекстан құрамаларына есе жіберді.