6 тамызда Болгарияның Пловдив қаласында академиялық ескек есуден 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем біріншілігінде Қазақстан атынан екі спортшы сынға түседі. Семён Первушкин және Дмитрий Ануприев ел намысын қорғайды.
Отандастарымыз ерлер арасындағы жұптық сайыста өнер көрсетеді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 9 тамызға дейін жалғасады.
