Астанада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Жарылқасын Егізбай ерлер арасындағы жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүрісте жеңіске жетіп, 1:35:58.47 нәтижесімен Қазақстанның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Sport+.

Егізбай қатарынан екінші жыл Қазақстан чемпионы атанып, былтырғы чемпиондық атағын сәтті қорғады. Күміс жүлдені Дархан Әсетханұлы иеленсе, қола медаль Азизхан Камилжановқа бұйырды.

Спорттық жүріс. Жартылай марафон. Ерлер:

Жарылқасын Егізбай (Шымкент) — 1:35:58.47 (Қазақстан рекорды)
Дархан Әсетханұлы (Шымкент) — 1:44:33.56
Азизхан Камилжанов (Шымкент) — 1:45:25.74