Қазақстан футбол федерациясы Армения футбол федерациясымен ұлттық құрамалар арасында жолдастық матч өткізу туралы келісімге келгенін хабарлады,  деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап. 

Екі елдің құрамалары 2026 жылдың 6 маусымында Еревандағы Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда кездеседі.

Бұл матч Қазақстан мен Армения құрамалары арасындағы тоғызыншы кездесу болады. Соңғы рет командалар 2024 жылдың маусым айында кездескен.