Индонезияның Бали аралында ересектер арасында өткен WKF нұсқасындағы XXII Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+ ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтады.

Жүлдегерлеріміз:

Алтын медаль иегерлері:

Жоламан Биғабыл (-55 кг)
Олжас Алтынбек (-67 кг)
Күміс медаль иегерлері:

Әсел Қанай (-61 кг)
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)

Қола медаль иегерлері:

Бэлла Самашева (-55 кг)
Даяна Даренская (-68 кг)
Никита Тарнакин (-84 кг)

Биылғы Азия чемпионатына құрлықтың 33 елінен 400-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасы үшін бұл турнир күзде Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болды.