Малайзияда өтіп жатқан маунтинбайктан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып. 

Біздің спортшылар аралас эстафетада үшінші орыннан көрінді. Бірінші орында -  Қытай, екінші орында - Индонезия спортшылары. 

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Алина Сарқұлова, Денис Сергиенко, Ілияс Рахимов, Никита Галкин, Евгения Заам дәне Мадина Жартыбаева қорғады.