Қазіргі таңда Мысырдың Каир қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс аясында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды.

50 метрден мылтықпен жатып ату сайысында Олег Носков топ жарды. 

Сондай-ақ 25 метрден тапаншамен атудан Кирилл Цуканов жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 27 сәуірге дейін жалғасады.