«Стад де Люксембург» стадионында Люксембург пен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кездесу алаң қожайындарының жеңісімен аяқталды – есеп 2:1. Магомед Адиевтің командасының құрамында жартылай қорғаушы Әділет Садыбеков есеп ашты, алаң иелері Жерсон Родригес пен Даниэль Синанидің орындауындағы екі дәл соққымен жауап берді.

Люксембург – Қазақстан - 2:1 (2:1)

Голдар: Родригеш 24 (1:1), Синани 45 (2:1) - Садыбеков 2 (0: 1)

27 наурыз 2023. Люксембург, «Стад де Люксембург».