ФИФА 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына іріктеудің еуропалық кезеңіне жеребе тарту рәсімін өткізді, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстан құрамасы J тобына түсіп, біздің құрамаға қарсылас ретінде Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамалары анықталды.

Іріктеу турнирі 2025 жылдың 21-22 наурызында басталып, 2026 жылдың 31 наурызында аяқталады.