Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айында Армения және Мажарстан құрамаларына қарсы өтетін жолдастық кездесулерге қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеңейтілген тізімге 36 ойыншы енді:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»).

Қорғаушылар: Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де — «Қайрат»), Арсен Әшірбек, Әділбек Жұмаханов (екеуі де — «Елімай»), Сұлтанбек Астанов, Сергей Малый (екеуі де — «Ордабасы»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де — «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).

Жартылай қорғаушылар: Айбол Әбікен, Батырхан Тәжібай (екеуі де — «Қайсар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхаммед Қараман, Станислав Басманов, Бауыржан Исламхан (барлығы — «Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де — «Елімай»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).

Шабуылшылар: Роман Муртазаев, Иван Свиридов (екеуі де — «Елімай»), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Мағжан Тоқтыбай, Жасұлан Әмір (екеуі де — «Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де — «Ахмат», Ресей).

Еске сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 6 маусымда Ереванда Армениямен, ал 9 маусымда Дебреценде Мажарстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.