Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айында өтетін жолдастық кездесулерге шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Қазақстан құрамасы сырт алаңда екі жолдастық кездесу өткізеді: 6 маусымда Армениямен, ал 9 маусымда Мажарстанмен ойнайды.
Қорытынды тізімге 25 футболшы енді:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де — «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де — «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де — «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Муртазаев («Елімай»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»).
Бапкерлер штабы: Талғат Байсуфинов — бас бапкер, Иван Азовский — бас бапкердің көмекшісі, Марат Еслямов — бас бапкердің көмекшісі, Елдос Ахметов — бас бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков — қақпашылар бапкері, Мұхтар Ерімбетов — дене даярлығы бапкері, Тимур Құсайынов — сарапшы, Нұрлан Биттұғылов — дәрігер, Бауыржан Абаев — физиотерапевт, Біржан Оразғалиев — физиотерапевт, Алексей Гудзев — массажист, Евгений Карнаухов — массажист, Қуаныш Мұханбет — менеджер, Михаил Әубәкіров — әкімші, Максим Шауберт — кит-менеджер.
