Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Алексей Попов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan «Legalbet» сайтына сілтеме жасап.
— Черчесовтың мәселесі - адамдармен қарым-қатынас жасай алмауы. Яғни, ол тек өзіне ұнайтын адамдармен сөйлеседі. Өзі айтқандай, ол «дала командирі». Сонымен қатар, ол - бұрынғы қақпашы, бұл көп нәрсені түсіндіреді, - деді футболшы.
