Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев «Слуцк» командасы сапында өзінің алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл Беларусь чемпионатының алтыншы туры аясында «Шахтермен» сырт алаңда болған ойында орын алды. 

«Слуцк» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Барлық голдар бірінші таймда соғылды. Өміртаевтың 24-минутта соғылған голы ойында шешуші болып, «Слуцк» командасына жеңіс алып келді.

Оралхан ақпан айының аяғында Беларусь чемпионатында өнер көрсететін «Слуцк» командасының ойыншысы атанған болатын.