Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) жаңа FIFA Series 2026 халықаралық турниріндегі Қазақстан құрамасының топтағы қарсыластарын бекітті, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан құрамасы Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды. Матчтар 2026 жылдың 23-31 наурыз күндері аралығында Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Ойындар күнтізбесі:

25.03.2026

М1. Қазақстан — Комор аралдары — 15:00

М2. Кувейт — Намибия — 20:00

28.03.2026

М3. ұтылған команда М1 — ұтылған команда М2 — 15:00

М4. жеңімпаз М1 — жеңімпаз М2 — 20:00

Қазақстан FIFA Series 2026 турнирін қабылдайтын алғашқы елдердің қатарына енді. Сонымен қатар, Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан да матчтар өткізеді. Әйелдер құрамаларының ойындары Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта өтеді.

Әр топта түрлі құрлықтан төрт команда болады. Әр құрама екі ойыннан өткізеді. Бұл күнтізбедегі матч санын көбейтпеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында халықаралық кездесулердің сапасын арттыруды көздейді.