Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Грекия құрамасына қарсы матчын өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл матчқа қазақстандық команданың бас бапкері Магомед Адиев келесі құрамды таңдады:
Шацкий (Қ), Вороговский, Еранов, Марочкин, Быстров, Қайыров, Астанов, Зайнутдинов, Бейсебеков (К), Чесноков, Самородов.
Қосалқы құрам: Шайзада, Устименко, Малый, Асранқулов, Қуат, Садыбеков, Тағыберген, Валиуллин, Тапалов, Айымбетов, Зуев, Оразов.
Грекияға қарсы матч 21-22 наурызға қараған түні Афинада өтіп, сағат 00:45-те басталады.
Гректерді жеңген жағдайда Қазақстан құрамасы плей-офф финалына шығады, онда біздің құрама Грузия - Люксембург ойынының жеңімпазымен Еуроға жолдама алу үшін күреседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
