Ресейде әйелдер арасында Суперкубок матчы өтіп, онда ЦСКА мен «Зенит» командалары кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

15 063 көрерменнің алдында ЦСКА 1:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының капитаны Юлия Мясникова бастапқы құрамда алаңға шықты.

Бұл Суперкубок армиялық клубтың тарихындағы алғашқысы болды.