Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазан айында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын матчтарға шақырылған ойыншылардың соңғы тізімін жариялады.

Қақпашылар:
Станислав Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);

Қорғаушылар:
Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де — «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров (екеуі де — «Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жағоров («Тобыл»), Сағи Совет («Жеңіс»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар:
Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де — «Жеңіс»), Рамазан Оразов, Алмас Төлебай (екеуі де — «Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»);

Шабуылшылар:
Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі де — «Елімай»).

Бапкерлер штабы:
Талғат Байсуфинов — ұлттық құраманың бас бапкерінің м. а.,
Иван Азовский — бас бапкердің көмекшісі,
Марат Еслямов — көмекші бапкер,
Али Алиев — көмекші бапкер,
Елдос Ахметов — көмекші бапкер,
Олег Воскобойников — қақпашылар жаттықтырушысы,
Максим Зуев — физикалық дайындық жаттықтырушысы,
Моғамед Нозадзе — аналитик жаттықтырушы,
Нұрлан Біттуғұлов — дәрігер,
Алексей Михайлов — физиотерапевт,
Евгений Карнаухов — массажшы,
Алексей Гудзев — массажшы,
Ақмұрат Ақшабаев — массажшы,
Полина Силинская — нутрициолог,
Руслан Балтиев — Ұлттық құрамалар департаментінің директоры,
Қуаныш Мұханбет — менеджер,
Максим Шауберт — кит-менеджер,
Елдар Ермеков — бейнеоператор.

Еске салайық, қазан айында Қазақстан құрамасы екі ойын өткізеді:
— 10 қазанда Лихтенштейн құрамасына қарсы өз алаңымыздағы матч;
— 13 қазанда Солтүстік Македониямен сырт алаңдағы матч.

Екі ойын да 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Лихтенштейнге қарсы өз алаңымыздағы кездесу «Астана Арена» стадионында, қазақстандық уақыт бойынша сағат 19:00–де басталады.